Вторник, 30.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
27.01.2013, 17:24
Жұрнақтардың құрамы (2-страниц)

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.

Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.

Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре)).

Байқа-шы, қой-шы, ая-шы сөздеріндегі, сондай-ақ, келейін-ші, келейік-ші, кел-ші, келтір-ші, келіңдер-ші, келсін-ші, келсем-ші формаларындағы –шы (ші) қосымшасы етістіктің түр-түрлеріне тілену, жалыну мағынасын жамап тұрса, бармақшы, келмекші дегендерде –шы (-ші) жұрнағы мақсаттылық тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.

Жұрнақтар мынандай топтарға бөлінеді:

1.          Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып бөлінеді.

2.          ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.

3.          Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар болып саналады.

4.          Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, жалаң және құранды жұрнақтар болып бөлінеді.

5.          Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемиялық) және көпмағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.

6.          Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар; сондай-ақ, формасы бірдей (айтылуы мен жазылуы) бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.

7.          Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді.

 

Жұрнақтардың мағыналық түрлері (А. Ысқақов)

1.          Тілдің өз төл материалынан, я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар деп бөлінеді.



Просмотров: 5084 | Загрузок: 264 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар