Среда, 24.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
09.01.2013, 21:44
Есімшелердің қалыптасу тарихы (12-страниц)


         Есімше тұлғаларының Орхон Енисей жазбаларында кездесетіндігін көп зерттеушілер байқаған. Айталық, есімшенің өткен шақ тұлғалары -мыш, -міш,    -дұқ, -дүк ескерткіште баяндауыштық қызметте жұмсалады. Қазақ тіл білімін алғаш зерттеушілердің бірі. П.Я.Мелиоранский түркі тілдерінде -ған тұлғасы мен -мыш тұлғасы қатар жұмсалып келе жатқан тұлғалар екендігін анықтаған.

         Қазақ тілінің грамматикасын бірінші рет тәртіптеген белгілі тюрколог (бірінші бөлімі (фонетика және этимология) 1894 жылы, екінші бөлімі (синтаксис, 1897 жылы) Санк-Петербургта басылып шықты) есімшелерді шақтық мағынасы бойынша екіге бөлініп тәртіптейді:

1) Өткен шақтық есімшелер: оларға «-ған, -ген» аффикстері арқылы жасалатын формалар жатқызылған (оқыған);

2) Келер шақтық есімшелер: оларға «-ар, -ер, -р»  аффикстері арқылы жасалатын формалар жатқызылған.

Есімшелердің осы шағы туралы ол кісі жазбайды. Мұнымен қатар, мағынасына қарай бөліп, міндет мәнді есімше (долженствовательное причастие) терминімен келер шақтық есімшенің екінші түрін келтіреді. Бұған жатқызылғандар «-тұғын, -тын» түрлері (алатұғын, алатын) [14, 54 б.].

Автор мұнда қазақ тілі есімшелерінің шағы бойынша бөлінуін дұрыс көрсеткенмен, семантикалық мағынасы бойынша бөлінуінде кемшілік жіберген.



Просмотров: 869 | Загрузок: 21 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар