Пятница, 17.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 19:09
Туризмнің мәні және жіктелуі. Халықаралық туризмнің даму ерекшеліктері (6-страниц)
   Туризмді қызмет саласы ретінде қарастыратын болсақ, оның терең бойлаған тарихи тамырлары бар. Алғашында саяхат танымдық сипатында болатын, содан кейін қажылыққа бару және іскерлік сапарлар сияқты туризмнің түрлері пайда бола бастады.

Географиялық ашулар, теңіз жүзушілердің саяхаттары, Америка, Африка және Австралия континенттерін игеру туризмнің дамуына өз әсерін тигізді. Ұлы философ Платон өзінің танымал «Академия» атты еңбегінде серуендеу кезіндегі оқытуды, жол үстіндегі әңгімелесуді білім алудың жолы деп атаған.

Халықаралық туризмнің негізін салған, туристік қызметтің қалыптасуына ықпалын тигізген ағылшындық Томас Кук деп саналады. Ол 1843 жылы Англиядан Францияға 600 адамды теміржол арқылы тасымалдап, өзінің бірінші туристік саяхатын өткізді. Куктың арқасында ерекше туристік өнім - тур пайда болады, яғни туристерге қызмет көрсету мақсатында теміржол және пароход компанияларымен, қонақүйлер және мейрамханалармен келісімшарт жасады. Кук турөнімге қатысты сұранысты жүйелі түрде зерттеген және туризмдегі маркетингтің негізін қалаушысы болып табылады.

Жалпы алғанда халықаралық туризмнің дамуын негізгі төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехословакия мемлекеттеріндегі халықаралық курорттардың ашылуы, осы елдердің Англиямен қатарлас Еуропадағы туризм орталықтарына айналуына себепкер болады.

Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің экспортына бағыттала дамыған индустрия ретінде орын алған. Туристік қызметтердің көлемділігі географиялық тұрғыдан, сол сияқты турқызметтердің саралануы тұрғысынан да кеңейе бастады. Туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі, бұл елдердегі үлкен рекреациялық әлеуетімен, тұрғындардың жоғары дәрежедегі білімділігімен байланысты және олардың демалу үшін, жаңа саяхаттарға шығу үшін өз табысын пайдалану мүмкіндігі болуымен түсіндіріледі.

1998 жылғы ДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес туризмге байланысты ең көп табыс алған үздіктердің құрамына АҚШ, Италия, Франция сияқты елдер кірді.




Просмотров: 2244 | Загрузок: 123 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар