Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 19:56
Туризмдегі маркетингтік орта. Туристік қызмет нарығы және оның қалыптасу ерекшеліктері (4-страниц)

Туризм саласындағы негізгі құрылымдық бірлік туристік фирмалар болып табылады. Туристік фирмалардың негізгі міндеттері турларды құру және жинақтау, жолдамалар шығару, сонымен қатар кейбір жағдайларда қосымша қызмет түрлерін ұсыну болып табылады.

Атқарымдық міндетіне байланысты туристік фирмалар туроператорлар және турагенттер болып бөлінеді.

Туристік агенттіктер (турагенттер) - бұл бір жағынан туроператорлар және екінші жағынан туристер арасында делдал ретінде қызмет ететін фирмалар. Турагенттер турларды алып, оларға жолдама шығарып, тұтьшушыларға өткізеді. Турагенттер туроператорлардың бағасымен жұмыс істейді, ал бөлшек қызмет көрсеткені үшін белгілі бір бағаларды қоюы мүмкін. Турагенттіктер соңғы уақыттарда, нарықтағы бәсекелестік күрес шарттарында, өз орнын сақтап қалу мақсатында ортақ саясат құрып, туроператорлармен келісімнің ортақ шарттарын жасасып біріге бастады. Тәжірибеде, көбінесе туристік фирмалар өздері турагенттер де, туроператорлар да болып табылады.

Туроператор - бұл туристік маршруттарды әзірлеп, турларды құратын, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін, жарнаманы ұйымдастыратын, турлардың маршрут бойынша бағасын санайтын және оларды турагенттерге сататын туристік ұйым. Турсаяхаттарды ұйымдастыру үдерісінде олар тамақтандыру, орналастыру, көлік кәсіпорындарымен, мәдени-танымдық ұйымдармен байланыс орнатады. Туроператорлар туристік өнімнің жеке элементтерін әр түрлі жабдықтаушылардан сатып алып, оларды турға қосады.

Турагент делдалдық ұйым болып табылады, ал туристік қызметті өндіруші туроператор болып табылуы мүмкін, бір жағынан, егер қызметтерді, мысалы, үнемі жүретін рейстерге орындарды жекелеген түрде сататын болса, мұндай сәтте ол көтерме сатушы бола алады.

Туроператор жұмыс істейтін орындағы нарыққа байланысты, олардың төрт типін бөліп көрсетуге болады:

1. Жалпы нарық операторлары, турлардың ең көп бөлігін сатады және чартерлік әуе рейстерін қолданады;

2.     Мамандандырылған операторлар, туристік нарықтың белгілі бір сегментіне ғана маманданады;

3.     Жергілікті операторлар турпакеттерді өздері тұратын мемлекет ішінде сатады;

4.     Сыртқы туроператорлар турпакеттер құрып және оларды әр түрлі мемлекеттерге сатады.



Просмотров: 1795 | Загрузок: 95 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар