Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 19:47
Туризм туралы түсінік және оның сипаттамасы (6-страниц)

Туризм саласындағы қатынастарды реттеуші ұлттық нормативтік актілерде негіз болып қолданылатын түсінік, анықтама, терминдер түсіндірмесіне мемлекеттердің белгілі бір топтық және экономикалық көзқарастары айтарлықтай әсер етеді. Бұл проблема үнемі оқуды қажет етеді, онымен әр түрлі ұйымдар айналысады, солардың ішінде Ұлттық Лига, БҰҰ, ДСҰ, Экономикалық бірлестік және даму ұйымдары сияқты халықаралық ұйымдар.

Бұл проблемаға жүйелі және кешенді көзқараспен жақындау, туристика ғылымының пайда болуына өз әсерін тигізді.

Туризм аймағындағы Ресейдің жетекші ғалымдарының бірі В.А. Квартальдің анықтамасы бойынша, «Туристика - бұл туризмді оқытатын, әр түрлі ғылыми пәндерді синтездейтін ғылым және ол жалпы туризм тұжырымдамасын құрумен және дамытумен айналысады. Туристика ғылым ретінде өзіне ғылыми тану пәні және туризмді дамытуды талдап жіктеу бойынша ғылыми көзқарастар жүйесі ретінде біркелкі кешенді көзқарасты талап етеді».

Туристика субъектісі турист болып табылады, ал объектісі -туризм индустриясы, пәні - туристік өнім. Бұл барлық элементтер өзара байланысты және тәуелді.

1963 жылы БҰҰ-ның Римдегі халықаралық саяхат және туризм конференциясында «турист» терминіне толығырақ анықтама берілді: «Турист - белгілі бір мемлекетке сауықтыру, оқу, кәсіптік іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсатпен төлем ақыны қызметпен айналыспайтын, 24 сағаттан 6 айға дейін қатарынан немесе бір түннен кем емес уақытша келуші азамат». Жалпы бұл анықтама туризмнің мақсатын, сонымен қатар уақытша критерийлерін бейнелейді, ерекшелік болып белгілі бір мемлекеттің туризм саласындағы мемлекеттік ұйымдармен анықталатын жоғарғы уақытша шекара болып табылады.

Туристика объектісі болып табылатын екінші элемент - бұл туризм индустриясы. В.А. Квартальдің анықтамасы бойынша «туристік индустрия - қонақүй және басқа да орналастыру орындарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен орындарының, тану, іскерлік, сауықтыру, спорт және бақа да мақсатқа арналған объектілердің, туроператорлық және турагенттік қызметті іске асырушы ұйымдардың, сонымен қатар экскурсиялық және гид-аудармашы қызметтерін ұсынушы ұйымдардың жиынтығы». Туризм индустриясы туризм инфрақұрылымы мен туристік кәсіпорындарды қосады.


Просмотров: 3739 | Загрузок: 265 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар