Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:09
Туризм маркетингінің мәні мен ерекшеліктері (4-страниц)

Шетелдік саяхатты ұсынатын турфирмалар, қазіргі таңда, экономикалық дербес және қатаң бәсекелестікте жұмыс істейді.

Пайда болған жағдай талдауы негізінде туристік фирмаларға өз қызмет бағыттарын қайта қарастыру мен жаңа сегментті таңдау қажеттілігі туып отыр. Осындай жаңа сегменттің бірі ұлттық туризм болып табылады. Жаңа ұсыныстар сұранысты қалыптастырады. Маркетингтің теориясы мен практикасында сұранысты қайта бағыттайтын, фирма қызметі өзгеріске ұшыраған жағдайда нарыққа бейімдейтін арнайы құралдар жасалған. Туристік кластерді даму қажеттілігі негізінде маркетинг тұжырымдамасы белгілі бір рөл атқарады. Маркетинг оның тұжырымдамасы мен технологиясын қолданған туристік фирмаларға нарықта иық тіреп тіршілікке қабілеттілігін көрсетуге көмектеседі.

Француз мамандары Р. Ланкар мен Р. Оллье туристік маркетингті - зерттеу, талдау мен алға қойылған мақсаттарды шенгуге арналған негізгі әдісер мен кұралдардың сериясы деп түсіндіреді. Ең бастысы бұл құралдардың неге бағытталуы тұтынушылардың қажеттілігін психологиялық және әлеуметтік фактор тұрғысынан толығымен қанағаттандыру, сонымен қатар туристік фирмалардың тұтынушылардың жасырын сұранысын анықтаудағы өз қызметін атқаруын қаржылық тұрғыдан ұтымды қолдану. Осындай жасырын сұраныстар демалу немесе кәсіпкерлік топтар, отбасы және т.б. себептермен анықталады.

Е. Крипендорф пікірінше «Туристік маркетинг - бұл туристік кәсіпорын қызметінің жүйелі өзгеруі мен үйлесімділігі, сонымен қатар туризм саласындағы аймақтық, ұлттық және халықаралық жоспарларды іске асыратын, жеке және мемлекеттік саясат. Бұндай өзгерістердің мақсаты алынуға тиісті пайданың мүмкіндігін ес-кере отырып, нақты тұтынушылар қажеттілігін толығымен қана-ғаттандыру».

Бұл түсініктердегі ортақ мәселе - туризм саласындағы маркетингті түтынушы қажеттілігін турқызметтерге деген сұраныс негізінде зерттеуге бағытталған фирма қызметін басқарушы қү-рал ретінде анықтау. Турфирмалар өз ұсыныстарын түтынушы сұранысы мен қалауына бейімдеу негізінде алға қойған мақсат-тарына жету керек.

Маркетинг мақсаты - қызметтер түтынушы қалауына сай бо-лып, өз-өздерін сата алатындай дэрежеде олардың қажеттілігін анық білу.

Туризмдегі маркетинг - бүл клиенттердің арнайы қажеттілі-гін анықтауға бейімделген туристік қызметтерді жылжыту мен өт-кізуді қүрастыру үдерісі. Ол түтынушыларға турқызметті бағалап дүрыс таңдау жасауға көмектеседі.



Просмотров: 1404 | Загрузок: 63 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар