Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:30
Туристік қызметті өткізу арналары (8-страниц)

Көптеген нарық үшін туризм индустриясында қызмет көрсетуді өндірушілер мен соңғы тұтынушы арасы сұраныс пен ұсынысты келістіретін делдалды қажет етеді. Өткізу (сбыт) желісінің қажеттілігі туризмнің көп аспектілі және туризмде қызмет көрсету үдерісінде көптеген әр түрлі фирмалар мен кәсіпорындардың үлес қосатынын көрсетеді.

Дистрибьюция арналары - туристік қызметтерді іске асыру мен жылжыту үдерісіне бағытталған тәуелсіз ұйымдар жиынтығы.

Өткізім желісі туризмде жекелеген тұтынушыға тауарлар мен қызметтерді ұсыну мақсатында бәсекелестік айналым үдерісіне түсетін, серіктестермен ұйымдастырылған құрылым ретінде анықталады.

Туризм индустриясында: туристік агенттіктер, туроператорлар, туристік брокерлер мен жеке агенттіктер, мамандар, ұлттық және мемлекеттік агенттіктер, консорциумдар мен броньдау жүйелері серіктес бола алады.

Таралу арналарының атқару міндеті:

-       ақпараттық;

-       жылжыту;

-       байланыс;

-       жерсіну;

-       келіссөз;

-       қаржыландыру;

-       қаржылық тәуекелге бару.

Дистрибьюция арналарының құрылымын тандау үшін туризмде қажетті бірқатар іс-шаралар өткізу керек:

-       тұтынушы қажеттілігі мен сұраныс талдауы арнаны жобалау тұтынушыға қажетті қызмет көрсету жиынтығын анықтаудан басталады;

-       арна мақсатын анықтау, турқызмет, компания мен делдалдарды сипаттайтын факторлар анықталады;

-       арна мүшелерін анықтау;

-       экономикалық өлшемі, бақылау жағдайы мен жерсінуі бойынша өткізім арнасының негізгі баламалы нұсқасын анықтау.



Просмотров: 880 | Загрузок: 16 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар