Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:35
Туристік қызмет көрсетудің сапасы (3-страниц)

Туристік қызмет ету сапасы туристік қызметте өте маңызды көрсеткіш болып табылады. Қызмет көрсеткен жағдайда және туристік өнімдерді сатқан жағдайда туристік фирмалар келесі қызмет көрсету категорияларының деңгейін бөліп көрсетеді: «Люкс», бірінші класс, туристік класс, экономиялық класс.

«Люкс» класы бес жұлдызды немесе клубты отельді пайдалануды, қымбат мейрамханаларда тамақтану, бірінші класс немесе бизнесавиация ұшақтарымен ұшу, «Люкс» класындағы автокөліктері арқылы жеке трансферттерді беру және жеке сапарсерікті ұсынады. Бұндай түрдегі турлар VІР-қызмет көрсету разряды бойынша беріледі.

Бірінші класс 5-4 жұлдызды отельдерде орналасуын, бизнес-класта ұшу, тамаша аспазхана мен тағамның кең түрін, жеке трансферт пен сапарсерік басшылығын қарастырады.

Туристік класс — 2-3 жұлдызды қонақүйлерде орналастыру, жиі болатын экономиялық класс авиарейстермен ұшу, шведтік стол түріндегі тамақтану, топтық трансфертті қарастыратын қызметтің кең көлемді түрі.

Экономиялық класс-арзан тур, 1-2 жұлдызды қонақүйлер, чартерлі рейспен ұшу, бір рет тамақтану, кездесулер мен шығарып салулар қоғамдық көлікпен жүзеге асырылады.

Турды жобалауға туристерге қызмет көрсетудің кез келген түріне сипаттама беретін құжаттарды жасау кіреді, оларға ке-лесілер жатады:

-       туристерге қызмет көрсету формалары мен тәсілдерінің үдерістерін сипаттау;

-       қызметтерге қызмет көрсету үдерісіне сипаттама;

-       қолданылатын құралдардың жіберу мүмкіндігі, көлемі мен түріне қойылатын талап;

-       қажетті қызметкер саны мен оның кәсіби дайындығының деңгейі;

-       қызмет көрсетудің келісімшарттық қамтылуы;

-       туристерге қызмет көрсету кепілдігі;

-   рекреациялық ресурстардың иеленушілерімен өрт бақылау

және т.б. келісімі.


Просмотров: 1383 | Загрузок: 50 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар