Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:12
Туристік нарықты сегменттеу. Туризмдегі сегменттеу түсінігі және ерекшеліктері (5-страниц)

Туристік өнімді жасау және сату кезінде нақты әлеуетті сегментті анықтау керек, себебі тұтынушылар көп, ал олардың әрбіреуінің туристік өнімге ықыластары мен талаптары әр түрлі.

Нарық сегментін таңдау компания тұтынушыларының қалыптасуын қанағаттандыра алатын тактиканы мақсатты маркетинг дейміз. Бұл маркетингтік күштердің шашырап кетпей, кері сінше, олардың нақты мақсаттарға жетуде шоғырлануына жағдай туғызады.

Мақсатты маркетингтің сәйкестендірілуі (идентификациясы) төрт деңгейде жүргізіледі: сегменттер, ниша, аймақтық нарықтар және жеке адамдар (индивидуумдар).

Нарық сегменті - нарық ішіндегі кез келген ұқсастықтары бойынша (ұқсас қажеттіліктер, сатып алу қабілеттілігі, өмір сүру аймағы, тұтынушылық басымдылықтар мен әдеттер) пайда болатын топтар.

Нарықты сегменттеудің бірыңғай тәсілі жоқ. Нарықты сегменттерге бөлудің негізгі екі кезеңін көрсетуге болады:

-       макросегменттеу;

-       микросегменттеу.

Макросегменттеу кезінде нарық үлкен топтарға бөлінеді, мысалы, төмендегі критерийлерді келтіруге болады:

-       шығу және кіру туризмі;

-       топтық немесе жеке туризм;

-       отбасы немесе ұйым; әлеуметтік және экономикалық топтар;

-       географиялық аймақтар;

-       белсенділік сипаты;

-       фирма көлемі немесе қаржылық мүмкіндіктер.

Егер фирма өзінің зерттеулері мен бақылаулары негізінде сегменттеудің жаңа тәсіддерін тапса, турфирма өзіне бәсекелік артықшылықты қамтамасыз етеді. Макросегменттеудің міндеті таңдалған нарықтың ішінде қажеттіліктерге жете талдау жасаудан тұрады. Туризм индустриясында макросегменттеудің кейбір элементтерін қолдану тән.

Нарықты сегменттеу үш кезенде жүргізіледі: сұрау, талдау және сегмент профилін анықтау.



Просмотров: 3208 | Загрузок: 243 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар