Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:44
Қонақүйлердің жіктелуі (11-страниц)
Қонақүйлерді олардың алуан түрлілігіне байланысты жіктеу қиын. Қонақүйлердің негізгі жіктеу белгілері:
1. Көлемі бойынша қонақүйлер келесідей топтарға бөлінеді:
-       150 нөмірге дейінгілер;
-       150-ден 300 нөмірге дейінгілер;
-       300-ден 600 нөмірге дейінгілер;
-       600 нөмірден астамдары.
2. Мақсатты нарықтары бойынша қонақүйлер былайша жіктеледі:
-       коммерциялық қонақүйлер;
-       әуежайлар маңындағы отельдер;
-       люкс-отельдер;
-       қурорт-отельдер;
-       жол бойындағы қонақүй;
-       казино-отель;
-       тұрақтану орны.
3. Ұсынылатын қызметтердің деңгейі мен саны бойынша:
-       қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі - отельдер жоғары саяси және басқарушылық ортаның тұлғаларын сипат-тайтын қонақтарды қабылдауға арналған;
-       қызмет көрсетудің орташа деңгейі - демалушылардың ең үлкен сегментіне арналған отельдер (150-200 нөмірлер).
-       қызмет көрсетудің шектеулі деңгейі - табысы онша жоғары емес тұлғаларға арналған.
4. Ғимарат нысаны мен ұсынылатын қызметтердің түрлері
бойынша қонақүйлер келесідей түрлерге бөлінеді:
-       флайтель - әуе қонақүйі, жоғары сапалы қызметтерді көрсетуде зор көлемімен ерекшеленеді, самолетке арналған миниәуежайы немесе отырғызу алаңы бар;
-       ботель - бұл шағын ғана суда орналасқан қонақүй, шағын көлемді кеме және қонақүй қызметтерінің аз ғана мөлшерін ұсынады;
-       флотель - кемедегі үлкен қонақүйді сипаттайды және ботельден ерекшелігі мұнда қосымша кеңейтілген қызметтер көрсетіледі, көбінесе бұл спорт және демалыс қызметтері;
-       мотель - ең қажетті ғана қызметтерді көрсететін жол бойындағы шағын ғана қонақүй;
-       кемпинг - палатка немесе шағын коттедж сипатындағы қонақүй, онда қызметтердің шамалы саны ғана көрсетіледі;
-       ротель - екі немесе үш бөлігі (отсек) бар вагон тәрізді қонақүй.
-       Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға ұсынылған қонақүйлердің стандартты жіктемесі 17-кестеде көрсетілген.


Просмотров: 1662 | Загрузок: 79 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар