Пятница, 17.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:37
Қонақүй қызметінің маркетингі. Қонақүй түрлері және функциялары (7-страниц)

Қонақжайлылық индустриясының бірден-бір құрамдас бөлігінің орналастыру құралы қонақүй болып табылады.

Қонақүй - ол жиһаздалған үй, қонақтарды қабылдау мен олардың қонуына арналған, келесі мақсаттардың біреуіне байланысты баруға болады: іскерлік, конгрестік, демалыс, ойын-сауық, тану, саудалық миссия, этникалық, діни-таным, емделу және спорттық мақсаттар.

Қонақүйдің негізгі белгілері нөмірлердің болуы мен қосымша қызмет көрсету болып табылады.

Қонакүйдің негізгі атқаратын міндеттері:

1. Қонақтарға жататын орын тауып беру,

2.      Қонақтарға тамақ тауып беру.

3.      Толыққанды демалу үшін жағдайлар жасау.

4.      Клиенттің тұруына байланысты қосымша қызметтер көрсету.

Қонақүйлерде қосымша қызметтерге спорттық залдар мен құралдар, сауықтыру кешендері, шаштараздық қызметтер, химиялық тазалау қызметтері, тұрмыстық, ойынсауық қызметтері жатады.

Қонақүй келесі қағидаларға сәйкес болу қажет:

-       эргономиялық, яғни жайлылық пен ынғайлылық, қызметтің адам қажеттілігіне физикалық және психологиялық сәйкес келуі;

-       әсемдігі, яғни ғимарат сәнді безендірілуі керек, қазіргі заманғы сән мен тұтынушылардың талаптарын ескеруі;

-       қонақүй қала мен мекенжайдың жалпы ансамблін сақтай отырып, қоршаған ортамен үйлесімді болу керек;

-       қонақүй мәртебесін ерекшелейтін безендірілген қонақ-үйдің алды, жарнаманың орналасуы, қонақүй сауда орталықтарының көрмелері, жарықтандыруды қамсыздандыру арқылы жарнама жасау;

-       қонақүй ғимараты техникалық, санитарлы-гигиеналық, экологиялық нормативтер мен ұсыныстарға сәйкес болу керек;

-       қонақүй қызметкерлері қонақжайлы, білікті және өз ісіне жауапты болу керек.

Қонақүй ғимаратын көптеген белгіге байланысты айырады: қонақүй түрі, сыйымдылығы, қабаттылығы, бағыттылығы, пайдаланымдылығы.



Просмотров: 1760 | Загрузок: 85 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар