Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:02
Қонақүй қызметі нарығының макроорта факторлары (3-страниц)

Сансыз нарықтық мүмкіндіктер үнемі өзгеріп отыратын макроортаның салдарынан пайда болады. Компаниялар тұрақты түрде «бақылауға жатпайтын» факторларды қадағалап отыруы керек ж»не де соған байланысты «рекеттер жасауы қажет.

Қонақүй кәсіпкерлігінің маркетинг мамандары үшін демографиялық орта ең маңызды сала. Қазақстанда қонақүй бизнесі мен туризм көзқарасы бойынша туризмге қызығушылық білдіретін келесідей жас топтары көрсетіледі:

-   Жас адамдар. Жасы 20 мен 34 аралығында. Бизнеске динамикалы түрде еніп отырған, тұрғындардың ең белсенді бөлігінің бірі.

-  Ерте орта жас. Жас мөлшері 35 пен 45 аралығы. Айтарлықтай ауқатты, көбісінің өз бизнесі бар, қалауы мен сұрауы анықталған, тұрақтылығы және белсенділігімен ерекшеленеді.

-   Үлкен орта жас пен зейнеткерлер. Жастары 50-ден жоғары. Бұл топ жанжақты тарамдалған: бірі белсенділік көрсетсе, енді бірі жаңашылдыққа ұмтылмайтын енжарлық күй танытады.

Елдердегі ең басты демографиялық тенденция бұл — тұрғындардың қартаюы, бұл тенденция туу көрсеткішінің төмендеуімен және орташа өмір сүру деңгейінің ұлғаюымен байланысты. Басқа тенденцияларға демалыс уақытының қысқаруы жатады: көбінесе демалысты 2 немесе 3 бөлікке бөлу. Ата-аналар балаларын демалыспен қатар іссапарға да алып жүреді, бұл қонақүйлерде қосымша балаларға қарайтын қызметтердің ашылуына әкелді.

Сонымен қатар, темекі шекпейтін адам санының жыл сайын көбеюімен, сіңімді ас және салауатты өмір сүруді қалайтын фактілер маңыздылық танытуда. Жоғарғы қызығушылыққа фитнес клубтар, вегетариандық ресторандар, жүзу бассейндері мен СПА-орталықтары ие.

Экономикалық орта тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі мен сатып алу түріне ықпал ететін факторлардан тұрады. Жалпы сатып алу қабілеттілігі ағымдағы табыспен, жинақтаумен, баға деңгейімен анықталатындықтан, маркетинг мамандары тұрғындардың табысының және сатып алу түрінің өзгеру тенденциясынан хабардар болуы керек.

Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігінің 2007 жылғы мәліметтері бойынша ауқатты адамдардың үлесі «0,2%

-   элита мен 4,9% - орта топтан жоғары, ал ең кедей адамдар үлесі

-   13,4%» құрады. 2007 жылғы әлемдік кризис өтімділігі экономикаға келетін капитал ағымын төмендетті.



Просмотров: 907 | Загрузок: 12 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар