Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:17
Нарықтағы туристік қызметтің жайғасымы (3-страниц)

Нарықтағы туристік қызметтің жайғасымы - бұл турөнімді тұтынушы санасында оң көзқараспен орналастыру. Оның мақсаты әлеуетті тұтынушыларға ұқсас турөнімдері бар бәсекелестердің ішінен кез келген белгі бойынша таңдауға көмектесіп, оған сатып алу кезінде артықшылық көрсету.

Турөнімнің позициясы - өнімнің маңызды параметрлері бойынша тұтынушылардың көзқарасы тұтынушы ойынындағы маманданған орнын, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып анықтау.

Нарықта өнімнің жайғасымындағы жіберілген қателіктер басқа маркетинг іс-шараларының құлдырауына әкелуі әбден мүмкін екендігін есте сақтау керек. Егер дәстүрлі бәсекелестік күрес кезін- де маркетинг шараларға кететін ақшалай құралдарының тиімді таратылу әдісі қолданса, жайғасым стратегиясы кезінде, керісінше, маркетинг шараларының негізгі тиімділігін жоғарылату мақсат ретінде қойылады. Нарықта өтімді жайғасым кезіндегі жіберілетін негізгі қателіктер:

-        нарықтан тыс жайғасым;

-       нарықты дәстүрлі және перспективті топтарға бөлмей, жаппай қарастыру;

-       бәсекелестердің турөніміне қарама-қарсы қою жолымен жайғасу;

-       нарықта ұсынылатын ұқсас өнімдерді ескеріп, өз өнімдерін артықшылықтарына негізделіп жайғасу.

Жайғасымды дайындағанда төменгі жүйе бойынша жүргізіледі:

1.   Нарықты табыс, әлеуетті тұтынушылардың демографиялық және мінез-құлық ерекшеліктері турқызметтерді қолдану аясы сияқты критерийлер бойынша сегменттеу.

2.    Сегменттерді болжау үшін оның сыйымдылық динамикасын зерттеу.

3.    Бәсекелес өнімге қарағандағы қызметтердің позициясын зерттеу мен бәсекелестік және жеке қызмет көрсетуде жайғасым картасьш құру.

4.    Саралау, сапалы параметрлері мен қосылатын сапа жайында шешілетін мәселелер негізінде жеке қызмет көрсетуді жайғасым тұжырымдамасын әзірлеу.

5.    Жайғасымның экономикалық тиімділік қабілеттілігін бағалау.

Турфирма өз өнімін нарықта бар бәсекелес өніммен қатар жайғастыру, яғни онда нарық үлесі үшін күрес бастауға немесе осы нарықта әлі жоқ турөнімді әзірлеуіне болады. Нарықта сегменттеуде өзінің бәсекелестік жайғасым туралы шешім қабылдағаннан кейін фирма маркетинг кешенін жоспарлауға көшеді.


Просмотров: 841 | Загрузок: 12 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар