Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:15
Мақсатты сегментті таңдау (3-страниц)
   

Нарықты тұтынушылық топтарға бөлгеннен және оларды әрбіреуіне әлеуетін анықтағаннан кейін компания олардың тартымдылығын бағалап, ішінен бір немесе бірнеше сегментті таңдайды.

Сегменттерді бағалау кезінді екі фактор ескеріледі: олардың жалпы тартымдылығы және компания мақсаттары мен ресурстары қарастырылады. Әлеуетті сегменттердің тартымдылық дәрежесі анықталады: оның көлемі, өсу қарқыны, табыстылығы, өндірісті ұлғайтуда болатын үнемдеулер, тәуекелділік дәрежесі. Одан кейін фирма осы сегменттермен байланысты инвестициялардың мақсатты жұмсалғанына көз жеткізуі керек.

Нарықты қамтуымен байланысты маркетинг түрлерін қарастырайық.

Компания нарық сегменттерінің бір ғана сегментіне тоқталуы мүмкін, мысалы, көптеген турфирмалар тек түркиялық бағыт бойынша жұмыс жасауы мүмкін. Шоғырланған маркетинг компанияға клиенттердің нақты қажеттіліктерін бағалауға мүмкіндік берумен бірге нарықта орнықты позицияны алуға көмектеседі. Фирма мамандануға байланысты өз шығындарын азайтуға қол жеткізеді, бұл жағдай оған өндірісті ұлғайтуға және жарнама мен тауарды жылжыту шараларына кететін шығындарды көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге таңдалған сегменттерге жетекшілік етуде компания инвестицияларының өтімділік мерзімін қысқартады.

Шоғырланған маркетинг өте тәуелді, себебі нарықтық жағдай тұтынушылардың көңіл-күйіне байланысты өзгеріп отырады, мысалы, жер сілкінісінің нәтижесінен тұтынушылар Түркияға бару қажеттіліктерінен бас тартулары мүмкін, онда компания күйзеліске ұшырайды. Сондықтан туркомпания бірнеше сегменттерді жаулап алуға ұмтылады.

Мақсатты сегменттер ұқсас, сонымен бірге абсолютті әр қилы болуы мүмкін. Таңдамалы стратегиялық фирмаға бірнеше бағыттар бойынша тәуекелділікті үйлестіруге жағдай жасайды. Мысалы, егер компания Израиль, Түркия және Кипр бағыттарымен қызмет көрсетсе, онда Израильде соғыстың басталуына байланысты фирма банкротқа ұшырамай, басқа бағыттармен қызмет көрсетуге көшеді.

     Тауарлық мамандану - бұл дегеніміз компания бір қызмет түрін нарықтық бірнеше сегменттеріне ұсынады. Бұл стратегияның көмегімен компания тұтынушылардың сенімділігін арттырады және сенімді әріптес ретінде қабылдайды. Бірақ бұл жағдайда үлкен тәуекелдік бар. Компания өнімдері бәсекелес басқа компаниялардың жетілдірілген жаңа турөнімдермен ығыстырылады.


Просмотров: 1170 | Загрузок: 16 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар