Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 19:40
Қазақстандағы туризмнің даму эводюциясы (15-страниц)

    Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында Қазақстандағы туристік сала автономды, әлеуметтік бағыттағы қызмет саласы болды. Ол негізінен рекреациялық сипатта болғандықтан коммерциялық қызмет ретінде қарастырылған жоқ.

     Туризм туралы арнайы заң болған жоқ. Барлық пайда болған мәселелер сол кездегі қызмет атқарған Туризм және экскурсиялар бойынша орталық кеңес (ВЦСПС), Госкоминтурист және ВАО «Спутник» сияқты мекемелердегі нормативтік актілермен ғана реттелді.

Кеңес уақытындағы азаматтардың шетелге баруы кезіндегі шетелдік серіктестермен келісімшартқа отыру тәртібі, туристерді сақтандыру, қызметкерлерге қойылатын талаптар және басқа да мәселелер Госкоминтурист мекемесінде шешілді, ал ВАО «Спутник» шетелдік жастар туризмімен айналысты.

Кеңестік кезеңнен кейінгі уақытта туризмнің дамуының негізгі мәселелеріне келесілерді жатқызуға болады:

-       ұсынылып отырған қызметтердің төмен сапасы;

-       туризм саласындағы кәсіби мамандардың біліктілігінің төмендігі;

-       туризм көбінесе саяси және дискриминациялық сипатта болды;

-       шетелге шығуға рұқсат (визаны) алудың қиындығы;

-       туризмнің бір жақты дамуы (тек қана кіріс туризмі);

-       мемлекет тарапынан демеуқаржылардың аздығы сала дамуына кедергі келтірді;

-   туризм саласындағы сервистің онша дамымауы.
Жоғарыда аталған кемшіліктерге қоса, артықшылықтары да

болғанын атап өтуіміз керек. Мысалы, турқызметтерге кеңес мемлекеті ішіндегі тұрғындардың барлығының қолы жететін. Өйткені олар кәсіподақ ұйымдары арқылы жеңілдіктерді пайдалана отырып, туристік жолдама алатын.

Мемлекеттік бақылаудың және бюджеттік демеуқаржылардың алынып тастауы жан басына шаққандағы турқызметтердің үлестік салмағы 1989 ж. 23%-дан 2001 ж. 3%-ға дейін төмендеді.

1991жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан соң туризм саласы бақылаусыз қалды. Туристік-экскурсиондық кадрларды дайындау жүйесінің жоқтығы, туристік ұйымдардың өз бетінше жұмыс істей алмауы туризмнің дамуына кедергі келтірді.



Просмотров: 1051 | Загрузок: 27 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар