Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 20:21
Қазақстандағы тұтынушы сегментінің сипаттамасы (11-страниц)

Маркетингтік зерттеу үдерісінде тұтынушылардың туризм түрлеріне талғамдары белгілі болды. Осы мақсатпен туристік нарықтың сегменттері анықталды. Алдымен туризмнің қандай түрлері тұтынушылардың қандай сегменттерінде үлкен сұранысқа ие болатындығы анықталды (6-сурет).

Алынған мәліметтер мен қазіргі бар саяхатты ынталандыратын топтар бойынша туристердің демалғанды қалайтындары жайында қорытынды жасалды, яғни саяхаттаудың негізгі себебі күш-жігерді қалпына келтіру болып отыр. Сондай-ақ психологиялық тұрғыдан қарағанда, бұл дегеніміз тұтынушылардың мәдениетке, қандай да бір жаңа жерді көруге қызығушылығы, күнделікті өмірдегі кертартпа, ескіше тәртіптен уақытша болса да сытылып шығу, орын ауыстыру сияқты қалауларын маңызды деп айтуға болады.

Саяхаттың негізгі себептері әлеуметтік байланыстар, достарды, таныстарды және туысқандарды көру екендігі белгілі. Спорт және сауықтыру жағына көңіл бөлу бәсеңдеу болып отыр.

Мәліметтерден көрініп тұрғандай, сұралғандардың ішінен 32%-ы саяхагтаудың негізгі себебі - демалыс, 16%-ы - мәдениетке қызығушылық, 14%-ы - орын ауыстыру деп жауап берсе, респонденттердің қалған 12%-ын жаңа туристік орындар қызықтырады.

Бос уақытты ұйымдастырумен айналысатын экономиканың саласы ретінде туризм екі шарт негізінде сәтті жұмыс жасай алады: бос уақыт пен жеткілікті материалды қаражатгың болуы. Сонымен, туризмге жаппай сұраныстың пайда болуының және оны жоғары деңгейде ұстап тұрудың қажетті алғышарттары бос уақыттың көбеюі мен қоғамдық байлықгың жоғарылауы болып табылады.

Дамыған мемлекеттерде қоғамдық байлықтың өсуі жалпы тұтынушылық шығындардың құрылымындағы тамақ пен бағалы заттарға жұмсалатын қаражаттың туризм және бос уақытты ұйымдастыруға кететін шығындардың өсуінің пайдасына қарай қысқаруымен бірге жүреді.

Ауқатты адамдар табыстың көп бөлігін туризмге жұмсағанды қалайды. Оларды орын ауыстыру уақытын үнемдеу құралы ретінде саналатын ұшақпен ұшу қызықтырады. Ауқатты тұтынушылардың демалысқа жұмсайтын қаражаттардың көп бөлігі орналасуға, «All-Inclusive» турөнімін алуға, ойын-сауыққа, тамақта нуға және тағы басқаларға кетеді.

Туризм қызметтерін айлық жалақысы 100 мың теңгеден асатын қазақстандықтар пайдалана алады. Рекреациялық емес, коммерциллық мақсатта шоп-турды таңдайтын тұтынушылар бұл тізімге жатпайды. Осымен байланысты туристік ұйымдар үшін ішкі туризмді дамьпу мүмкіндігі арта


Просмотров: 719 | Загрузок: 6 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар