Четверг, 16.5.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
17.12.2012, 19:53
Қазақстан экономикасындағы туризмнің рөлі (3-страниц)

Туризмдегі экономикалық маңыздылық және оның функциялық әрекеттесуі транзиттік экономикалық шарттардың ерекше өсуімен нарық заңдарына орай белгіленген. Нарық туризмнің дамуына қолайлы жағдайлардың бірі деп есептелінеді. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде экономикалық аспектілер әлеуметтік, экологиялық және мәдени жағынан қарағанда басым болып келеді.

Туризм экономиканың бір саласы болып қаралады, кіріс пен пайда әкелетін және басқа да аралас салаларға дамуына ықпал етеді. Бұнымен қоса нарыққа өту барысында іссапарлардың кеңеюін болжап, шетел инвесторлары мен бизнесмендерге шекараның ашылуы, мемлекетаралық байланыстың жетілуі осының барлығы туризмнің активтілігінің ұлғаюына әкеледі.

Нарықтық экономикалық жағдайда халықаралық туризм жабық қоғамды ашық қоғамға ауыстырып, әр түрлі мемлекеттердегі адамдар арасындағы байланыс шынайы болып қана қоймай, сонымен қатар қажетті болады. Туристік іс-әрекет кәсіпкерлік іс-әрекетке қатысты болған соң, туризмнің алдын ала жетістікке жету мүмкіндіктерінің басым бөлігі нарыктық экономика шарттарында жасалған.

Қорыта келгенде демографиялық жаңғырту, шығу шараларының ережесі жеңілдетіліп, шетелдік сервистің жоғарғы сапасы отандық бағаларға қарағанда басым бөлігі төмен болуы, туристік белсенділікті ұлғайтып және салалар арасындағы ішкі қайта жаңғырту құрылымын жасайды. Шаруашылықтың шағын түрлері мен ірі түрлерінің жаңадан құрастырылуы туристік нарықтың дамуына әкеп соқтырады және олардың мақсатты түрде өзара қызмет көрсету мен кеңеюі туризмнің сапасын көтереді.

Туризмнің мемлекеттік экономикадағы мағынасы мен рөлі мынада:

1.      Туризмнің дамуы, әсіресе кіру, мемлекеттің валюта жағдайын және төлемақы балансын жақсартуына мүмкіндік туғызады. Туризм валютаның түсімінің қайнар көзі, олар екі деңгейде орындалады: біріншісі - турлардың сатылуынан, екіншісі - шетелдік туристердің валюта айырбастауынан және мемлекет ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметті тұтыну арқылы.

2.  Туристік іс-әрекет нарығындағы маңызды қосымша реттеуші еңбек жұмыс орындарын жасай отырып, тұрғындарды әсіресе маусымдық мерзімде турқызметтеріне с ұраныс көтерілгенде жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі.



Просмотров: 2524 | Загрузок: 107 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар