Понедельник, 29.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 17:12
Аустралия және Мұхиттық аралдар (15-страниц)

Жоспары:

1.       Жер бедері және жалпы шолу. Мұхит аралдарын физикалық географиялық аудандастыру.

2.       Климаты. Мұхит аралдары Климаттық және табиғат жағдайларындағы ерекшелік

3.       Ішкі сулары

4.       Топырақ және өсімдік жамылғысы

5.       Физ-географиялық аудандастыру

6.       Мұхиттық аралдарды адамдардың қоныстану

Австралия — Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Баскалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латыннын оңтұстік деген сөзінен шыққан.

Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, онтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктін шеткі бөліктері: солтүстікте - Йорк мүйісі (10°41 о. е.), оңтүстікте - Онтүстік-Шығыс мүйіс (39°11 о. е.), батыста - Стип-Пойнт мұйісі 113°05' ш. 6.), шығыста - Байрон мүйісі (І53° ш. б.). Австралия солтүстіктен онтүстікке 3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі - 7631,5 мың км2.

Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа үсақ аралдар, оңтүстікте — материктік кайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығыста - Фрейзер.

Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай-ақ оның көлемінін шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.

Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсакты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.

Мухиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Австралияға ең таяу жатқан Жана Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвиңея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге .түседі. Меланезиядан


Просмотров: 4985 | Загрузок: 498 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар