Понедельник, 29.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 16:08
Қаратау мемлекеттік қорығы (3-страниц)

Қазақстан   жерінде  Қаратау  деп  аталатын  тау , жер – су  атаулары көптеп  кездеседі . Біз  сөз еткелі  отырған  Қаратау  тауы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда  облыстарының аумағында орналасқан. Ол солтүстік  батыстан  оңтүстік  шығысқа  қарай  420 км-ге  созылып  жатыр . Ені  кей  тұстарында  60-80 км-ге  созылады .  Оның  ең  биік  шоқысы  Бессаз  тауының   биіктігі  2175  метр .  Қаратау бір-бірімен  қатарласа орналасқан.Үлкен  және  Кіші  Қаратау  жоталарынан  тұрады.Олардың  арасын  тау-аралық  аңғарлар айқын бөліп  тұрады. Бұл  екі  тау  жоталарының  бастары біршама тегіс  жазықты  болып  келеді де, ал беткейлері  шатқалды , тік  жартасты  тілімделіп  бітеді .

Қаратаудың оңтүстік –батысынан Сырдария , солтүстік шығысынан Шу және Талас өзендері өтеді.Қаратаудың  барлық аймағында өзіне тән ертеден өсіп келе жатқан өсімдік түрлері  көптеп кездеседі.

Қаратау бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын  Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының  түбінен біртіндеп көтерілген ең ежелгі  тау жоталарының бірі болып саналады. Қаратаудың табиғат байлықтарының ерекшеліктерін ескереотырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249 қаулысымен 2004ж  1 наурызда Қаратау мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жер көлемі 34300 гектар аумақты алып жатыр. Қаратаудың қорығының табиғаты айналасы құрғақ далалы және шөлейттіөңірлерімен шектеліп жатқан оазисті аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь–Шань тау жотасының   солтүстік - батыс   сілемдерімен шекаралас Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан.Қорықтың айналасын Қызылқұм, Бетпақдала   және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа –райы күрт құбылмалы болып келеді.Онда жылына орта есеппен 300-500 мм шамасында жауын–шашын түседі.Жазы ыстық, әрі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +22  +26 ºС.

Қаратаудың алып жатқан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай  меридиан бағыты бойынша 23,6  км-ге , ал шығыстан батысқа қарай ендік бағыты бойынша 28,3 км-ге, ал шығыстан  батысқа қарай  28,3 км-ге созылып жатыр. Қорық аумағында археологиялық ескерткіштер де көптеп кездеседі. Онда тасқа қашап салынған суреттер (петроглифтер) , ертеде өмір  сүрген адамдардың  тұрақтары , олар пайдаланған еңбек құралдары, обалар мен молалардың қалдықтары сақталған.Сонымен бірге ерекше мүсінді түйетас,  кемпіртас,  хантағы  және  т.б. кейіптегі табиғаттың  өзі  ұзақ уақыт  аралығында  жасаған тас  бейнелер  де  кездеседі. Олар  жайында  ел  аузында  сақталған  сан  алуан  аңыздар  ғажайып  сыр  шертеді.

Қаратау қорығының аумағындағы өсімдіктер мен  жануарлардың сан


Просмотров: 6261 | Загрузок: 550 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар