Понедельник, 29.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 14:52
Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы (2-страниц)

ХІ—ХШ ғасырларда қазіргі Астананың шет аймағында қыпшақтардың Бозоқ деген ортағасырлық қаласы болған. Ол сауда жолдарының тоғысқан торабында еді. XIX гасырдың 30-жылдарының бас кезінде мұнда Ақмола сыртқы округы орталыгы салына бастады.

1. Жаңа округ ашуға әзірлік. 1824 жылы екі округтық приказ -Көкшетау жәие Қарқаралы приказдары ашылды. Қаржы тапшылығының салдарынан өзге сыртқы округтарды ашу едәуір кейінге қалдырылған болатын. Бұл жағдай Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы сұлтан бастаған жергілікті ақсүйектерді бейжай қалдыра алмады. Сұлтан өзінің көшіп-қонып жүретін аймағында жаңа округ ашуды өтініп, Омбыға бірнеше рет қолқа салып, өтініш жасады. Дербес Сібір корпу­сы штабыньщ бастығы генерал-майор С.Б. Броневский 1829 жылғы қыркүйекте өзінін Омбыға жолдаған рапортында: «Сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы басқаратын Қарпық болысы Ақмола шатқалында округ ашуды сұрайды» деп жазды.

Сұлтанның қайта-қайта жасаған өтініші жаңа округтың ашылуын әлдекайда жылдамдатты. Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығы бойынша Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Ф.К. Шубин 1830 жылы жазда құрамында 200 казак отрядын бастап, қажетті жүктері мен азык-түлік қоры тиелген керуенмен болашақ бекініс салынатын жақка бет алды. Онымен әскерилер, картограф және топограф мамандар бірге келді. Экспедиция жаңа округты ашудың өкімшілік және шаруашылық тұрғысынан алғандағы әзірлігін жүзеге асыруга, сондай-ақ жергілікті аймақтың картасын жасауға тиісті болатын.

Құрылыс салуға неғұрлым қолайлы жер деп Ақмола шатқалы таңдап алынды. Бұл шатқалды жергілікті халык ежелден ерекше құрмет тұтатын. Мұнда бекініс салудың бірнеше басты-басты себебі болды.

Біріншіден, болашақ округ орталығына таяу жерде Есілдегі жүк тиелген сауда керуендері тоқтай алатын Қараөткел атты өткел бар еді.

Екіншіден, өзеннің екі өңірін алып жатқан шөбі шүйгін мал жайылымы мен көк жасыл кең жазира қызықтырды.

Үшіншіден, экс­педиция мүшелері отын етіп жағуға болатын талды тоғайға да назар аударды.

Ақыр соңында, жаңа орын стратегиялық жағынан да қолайлы болып шыкты. Өйткені ол Орта жүздің ең ірі рулары көшіп-қонып жүретін аймақтың қақ ортасында жатты.

Округтық орталықтың алғашқы атауы көшпелі қазақтарға ежел­ден белгілі Ақмола болып аталды. Кейінірек орталық баска орынға ауысты. 1830 жылы ол болашак округтық приказ Есілдің оң жак бетіне салына бастады.


Просмотров: 7959 | Загрузок: 664 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар