Вторник, 22.7.2025
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 19:52
Тігін машинасы жұмыстары үшін жұмыс орынын ұйымдастыру (1-страниц)

Машина   жұмысының жұмыс   орынында - тумбасыз тігін машинасын, өңделетін /тігілетін/ киім бөлшегін және оларға қажетті бейімдеу құралдары мен аспаптарды жайғап қоюға арналған үстел, оқушының отыру биіктігін реттейтін бұрандалы орындығы болуы тиіс. Ал, электрлі жетектегі тігін машиналар токпен қоректену көздерімен қамтамасыз етіледі.

         Киімнің бөлшегі – тігін машинасының сол жақтағы /алдыңғы/ бөлігінде өңделетіндіктен, жарық сәулесі де оқушыға, сол жағынан /өңделушібөлшек жағынан/ немесе алдыңғы жағынан түскені жөн. Бұл кезде бөлшектің өңделуі, оқушыға анық көрініп тұрады. Тігістің сапалы болып шығуына, дұрыс отыру қалпының да өсері мол. Ол үшін, оқушының орындығы тігін машинасының ине бағыттағышына тұспа-тұс қойылады. Жұмыс істеу барысында оқушы, өзінің денесін үстелден 10-15 см қашықтықта тік ұстап отыруы қажет. Өңделуші бөлшек пен көздің аралығы 25-30 см шамасында болады. Тігу кезінде, қолдың саусақтары машина табанына, ал шынтақ үстел үстіне қойылады. Егер, тігін машинасы аяқ жетекті болса, онда оқушы, педальға оң аяғын сол аяғына қарағанда шамалы ілгері қояды. Қол жетектегі тігін машинасы мен жұмыс істегенде оқушы екі аяғында қатар қояды. Оқушының отыру қалыбы дұрыс қалыптасқан жағдайда, ол тез шаршамайды, жұмысы өнімді болады.

 

Тігін машинасында қауіпсіз еңбек ету ережелері

1.     Машина жұмыстарын орындайтын жұмыс орыны дұрыс ұйымдасшрылуы тиіс;

2.     Шашты орамал астына жасыру керек;

3.     Машинаның айналатын бөлігіне қайшы және басқа  аспаптарды жақын қоюға болмайды;

4.     Қажетті аспаптар машина жәшігінде сақталады, ал машина табанына тек қана өнделетін мата қойылады;

5.     Өңделуші матада,  ине, түйіреуіш болмауы тиіс;

6.     Машинаның  қозғалатын бөлігіне жақын отыруға болмайды;

7.     Орындық, тігін машинасының инесіне тұспа-тұс қойылады;

8.     Жұмыс істеу кезінде, қолды дұрыс қалыпта ұстау керек;

9.     Жұмыс соңында жұмыс орынын жинау керек.



Просмотров: 4428 | Загрузок: 362 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар