Вторник, 30.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 19:48
Ою өрнек түрлері (5-страниц)

ОЮ-ӨРНЕК - ХАЛЫҚТЫҚ  МҰРА

Ағашты өңдеу, әшекейлеу өнерінің даму тарихы

Казақ үй мүліктерінің түрлері

 

Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мүрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіңдік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген — қолөнері.

Қолөнердің халықтың әлеуметтік салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң — оның ішінде қолөнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою-өрнек. Олай болса бұл бөлімде айтайық деп отырғанымыз, өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою-өрнек туралы болмақ.

Ою-өрнектің шығып тарауы қолөнер, тұрмыс заттарының өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне халықтың әлеуметтік сана-сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды. Қазақ халқының қолөнерінің ішінде ағашты, киізді, темірді ұқсату, оларды өңдеп тұрмыс қажетіне қосып іске асыру, үй жиһаздарын, бұйымдарын жасау тек нағыз шебер-үйшілердің ғана қолынан келген.

Үйші-ұсталар киіз үйдің сүйегін арнайы дайындаған ағаштардан кептіріп, морға салып иіп, сырлап жасаған. Киіз үйдің ағаштан құралатын бөлігіне шаңырақ, кереге, уық, есік жатады. Әрбір киіз үйдің іші жиһазсыз болмаған, оған жүкаяқ, ағаш төсек, жастық ағаш, кебеже, күбі, әбдіре жасалып киіз, үйдің төрінен бастап босағасына дейін сәніменен орын алған.

Ою деп заттың, бұйымдардың, жиһаздардың, ғимараттардың сыртқы пішініне, түріне, шығармашылық әуеніне ерекше мәнер, қосымша әсер беріп, қарапайым симметриялы элементтерден құрылып, ырғақ, теңеу, рең арқылы түзу жазықтықта немесе квадрат, ромб, шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлі өрнекті айтады.

Оюды кілемге, сырмаққа, текеметтерге, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй жиһаздарына, аяқкиімдерге, зергерлік бұйымдарға, қару-жараққа, сәулет ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады.

Заттың, бұйымның сыртқы пішініне, алатын орнына, атқаратын қызметіне, пайдалану мақсатына және шикізат түрлеріне қарай ою-өрнекті ойып, бояп, қашап, құйып, бедерлеп, өріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре пайдаланған.



Просмотров: 4878 | Загрузок: 199 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар