Понедельник, 29.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 19:41
Қазақтың ұлттық киімдері (7-страниц)

Адамзаттың арғы тарихынан, Адам ата  мен Хауа ана заманынан бері адам баласы тіршілік етіп ұрпақ жалғастыру үшін табиғаттың тылсым күштерінің сан алуан сандарына қарсы күрес жүргізу арқылы ұзақ та күрделі даму сатыларынан өтті. Адамзат үшін тірі қалу жолындағы күресі бүгінде үлкен бір өнерге айналып отыр. Алғашқы адамдар үшін киім суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу үшін қажет болды. Ол үшін табиғи материалдарды, жапырақтарды, аңдардың терілерін  пайдаланды. Ол кезде сәнді киіну, сұлу көріну үшін киінбегені белгілі. Кейіннен ой-өрісі кеңіп, санасы дамығаннан кейін адамзат теріні сол күйінде емес, өңдеп, илеп,  жүнді иіріп, тоқып пайдалану керектігін білді. Адамзат палеолит кезеңінде тігіссіз киімдерді пайдаланса, неолитте, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін меңгергеннен кейін иықтан, мойыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Мысалы, үнділер сари, шалма, римдіктерде тога, ежелгі гректерде гиматий. Өткен ғасырларда киім маусым ауысуына, ыстық пен суықтың алмасуына байланысты болса, уақыт өте келе адамдардың жас айырмашылығына, жынысына, климатына, әлеуметтік дәрежесі мен өмір сүру ортасына, діни  сенімдеріне байланысты қалыптасып дамыды.

Қазақ халқының да қолөнері көне заман тарихымен  бірге дамып,  біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның басты салаларының бірі-киім тігу. Қазақ  халқының ұлттық киімдері  қолөнердің озақ үлгісі ретінде ғана емес дала жағдайына ыңғайлылығымен сан алуан әшекейлерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді.

Қазақтың ұлттық бас киімдері. Қазақтың ұлттық бас киімінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, кіші жүз, орта жүз үлгілері деп, кейде  әлгі жүздер ішіндегі аттарымен аталады: найман тымақ, арғын тымақ, ноғай бөрік, адай бөрік т.с.с. Кейде  географиялық мекен атына қарай ерекше  үлгілерге бөлінеді-қоңырат үлгісі, жетісу үгісі, арқаның үлгісі т.б. Бұлай  бөлу себебі киімнің кеңдігі, әшекейлеу ерекшелігі ықшам қонымдылығына қарай ажыратылады. Өз айырмашылықтары бола тұра  киімдердің бәрінде ортақ ұлттық өнер мен қазақша атаулар бар.

Әдетте ерлер мен әйелдер бас киімі бөлек  болады. Ерлерге тән бас  киімдерге: бөрік, тақия, тымақ, құлақшын, шалма, қырпу, қалпақ, күлпара, жалбағай. Әйелдердің бас киімдерріне, кимешек, жаулық, күндік, сәукеле, желек, шаршы, шәлі, бергек т.б.

Қазақ халқы үшін бас киім өте киелі әрі көріктілік пен сәнділіктің нышаны. Осыған  орай  ел аузында «дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды» деген мақал айтылған. Сонымен қатар қысқы жазғы бас киімдер, жиындарда, жорықтарда киетін бас киімдер бір бөлек болады. Мысалы:  сеңсең тымақ,


Просмотров: 5333 | Загрузок: 374 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар