Вторник, 30.4.2024
Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход
Поиск по всем сайтам рефератов, курсовых и дипломных работ.

Совет: Введите краткое название темы. Например: (Абай Құнанбаевтың өмірбаяны) на (Абай Құнанбаев)
Совет: Если в не нашли тему который искали тогда сократите тему. Например: (Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы) на (Жебе романы)
Совет: Сократите название. Например: (Электромагниттік индукция) на (Индукция)
04.01.2013, 18:13
Қазақтың асыл қазынасы-кестелеу, оның тарихы мен түрлері (4-страниц)

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол жорық, үй-іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу деп атайды. өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық «адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем» деп келіп, «кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері:біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.

Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.

Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.

Әредік  кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек бөлек өрнек салынады.

Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген зататрға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға  төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады.

Инемен тігілетін кестені керіп, инеге сабақталған жіппен алуан түрлі мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатын матаға әуелі өрнек түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер молтақ, көздері кең болғаны жөн.

Айқас (крестеп) тігу  де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші бір жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отыроады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.

Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай


Просмотров: 5264 | Загрузок: 334 | Теги: Тегін қазақша рефераттар, Курстық жұмыстар, Дипломдық жұмыстар, Ашық сабақтар, Тәрбие сағаттар