Ине.
Әжемнiң көзi
жақсы көрмейдi. Ол инеге жiптi сабақтай
алмайды. Инеге жiптi мен
сабақтап беремiн. Журнал,газеттердi оқып
беремiн. Әжем маған қолғап
тоқып бередi. Әжем менi «Сен
менiң жарығымсың,көзiмсiң» деп
жақсы көредi. Қазiр менiң
әжем зейнеткер. Әжем менiң ең
бiрiншi ақылшым.
(41сөз.)
Боран.
Айнала тып-тыныш. Жер бетiн
тегiс ақ қар
басқан. Асқар мен Елдос
жалғыз аяқ жолға
түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша
қар көз аштырмайды.
Екеуi
бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып
келедi. Кенет долы боран
басталды. Екеуi мектепке қарай
жүгiре жөнелдi. Сол кезде
жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс
шыққан жаққа қарай
жүгiрдi. Бұл жаурап жылап
отырған Мұрат екен. Балалар
оны үйiне әкелдi.
(59 сөз.)
Қыста.
Қыс келдi. Түн
ұзара бастады. Қар қалың
жауады.Аяз қатты болды. Өзен
суы мұз болып
қатты. Балалар далада қармен
ойнады.Қардан ойыншықтар жасады. Бiр
топ балалар аулада қар
лақтырысып ойнап жүр. Бәрi
жылы киiм киген. Мектептер жаңа
жылға дайындалып жатыр.
(40 сөз.)
Мемлекеттiк мереке.
Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он
алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi
бiз оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен
де концертке қатыстым.Отаным туралы
қазақша ән айттым. Маған
өз елiмнiң елтаңбасы, жалауы
өте ұнайды. Мен Қазақстанның
азаматымын.
Менiң арманым - 2030 жылы
президент болу.
(41
сөз.)
Жамбыл Жабаев.
Жамбыл
Жабаев-қазақ халқының ұлы
ақыны. Ол жүз жасаған
адам. Соның сексен бес
жылы ақындықпен өттi. Жамбыл
ақынның шығарған өлеңдерi
өте көп. Олар дүние
жүзiндегi көптеген халықтардың
тiлiне
|