Маркетингтік орта - фирмадан тыс
қызмет ететін және оның маркетингтік қызметіне әсер ететін белсенді субъектілер
және күш жиынтығы (4-сурет).
1. Жабдықтаушылар — бұл компанияға қызмет етуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын фирмалар және
жеке тұлғалар. Туризм саласындағы негізгі жабдықтауыштар көлік кәсіпорындары, қонақүй жабдықтаушылары,
тамактандыру кәсіпорындары болып табылады.
2.Делдалдар - туристік компанияларға, өз қызметтерін сатып алушыларға жарнамалауға, нарықта жылжытуға, сатуға және қызмет көрсетуге
көмектесетін фирмалар. Туризмде, бұл клиенттермен
қамтамасыз ететін және өткізуді іске асыратын фирмалар: саяхат агенттіктері, көтерме саудагерлер және орындағы отель өкілдері. Сонымен қатар, кез келген бизнес саласындағыдай туризмде қаржы делдалдарының қызметтерін көбіне
сақтандыру компаниялары қолданады. 2001 жылғы
«Туристік қызмет туралы» Заңға байланысты
туристерді шетелге жіберу кезінде сақтандыру міндетті
болып табылады.
3. Бәсекелестер - бұл сәйкес-ұқсас қызмет түрлерін өндіретін жеке және заңды тұлғалар (бақталастар).
Кез келген фирмаға
кең бәсекелестер спекторы қарсы тұрады. Бәсекелестерге қарағанда бизнесте жоғарғы деңгейге жету
үшін, маркетинг мамандары тұтынушылар талғамының өзгеруіне ғана емес, сонымен
қатар бәсекелестер стратегиясының өзгеруіне де көңіл бөлуі керек. Фирмалар стратегиясын жетілдіре отырып, өз тұтынушыларына жаңа қызмет түрлерін ұсынуы
тиіс.
Әрбір фирма, өзін
қоршаған шеңберде, төрт деңгейлі бәсекелестік күрес жүргізіп отыруға мәжбүр:
-
әлеуетті тұтынушыларға сәйкес қызмет түрлерін, дәл сондай бағамен ұсынатын фирмаларды бәсекелестер деп тануға болады, бұндай бәсекелестік Қазақстанда сыртқа шығу туризмінде дамыған, әсіресе Түркия, БАЭ, Египет,
Тайланд сияқты бағыттарда.
-
ұқсас қызмет түрлерін
өндіретін барлық басқа фирмаларды бәсекелестер деп тануға болады. Негізінен Қазақстандық туристік компаниялар су жағалауындағы демалысты ұйымдастырумен
айналысады.
-
өзінің маманданған қызмет
түрлеріне ұқсас, бірақ алшақтау қызмет түрлерін ұсынатын барлық кез келген фирмаларды бәсекелестер деп тануға болады.
|