Қонақүй қызметін ұйымдастыруда, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын дұрыс құру өте маңызды - ол менеджменттің әкімшілік иерархиялық жүйесі (20-сурет).
Ол келесілерді қамтиды: қонақүй иеленушісі, бас директор, қабылдау қызметінің менеджері, маркетинг бөлімі, әкімшілік шаруашьшық бөлімінің менеджері, коммерциялық бөлімнің директоры, тамақтану қызметі бойынша директор, қаржы директоры, бас инженер, сатып алу бөлімінің директоры, жеке құрам бойынша менеджер және ІТ-бөлімінің менеджері.
Қонақжайлылық индустриясы компанияларында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жұмысшылардың басты функцияларының тиімді өзгеруін қамтамасыз ететін, олардың есеп беру бағынынштылығын анықтайтын ұйымдастырушылық құрылым жасап шығарылуы қажет.
Менеджерлер компания қызметкерлерінің қызметі мен тәртіп-тәліміне қарай жұмысты ұйымдастыру әдістері мен ұйымдастырушылық құрылымының әсерін анықтау қажет. Құрылым сонымен қатар тиімді корпоративті стратегияның басты компоненті болып табылады.
Бас директор. Отельдің бірінші тұлғасы болып табылады және оның өз функцияларын орындау үшін талап етілетін барлық құзыреттері болады. Ол отельдің стилін анықтайды. Бас директордың алдында екі ауқымды міндеттер тұр:
|